Жазу Қоңырау шалу

УӘКІЛЕТТІ ОРГАН

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ

Сілтеме

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халықаралық стандарттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары шеңберінде қаржы нарығын реттеудің тәсілдері мен әдістерін айқындайды (Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті, Сақтандыру қадағалауларының халықаралық қауымдастығы, Халықаралық зейнетақы қадағалауларының ұйымы, Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымы, Еуропалық Одақ, Исламдық қаржы қызметтері жөніндегі кеңес). Қазақстан Республикасының қаржы нарығын, қаржы өнімдерін дамытуға жәрдем көрсетеді, сондай-ақ адал бәсекелестік қағидаттарында қаржы ұйымдарының жұмыс істеуі үшін тең жағдайларды қамтамасыз етеді, қаржы нарығында теріс пайдалануға қарсы іс-қимылды жүзеге асырады.

УӘКІЛЕТТІ ОРГАННЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ:

Сілтеме

  • микроқаржы қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;
  • микроқаржы ұйымының пруденциялық нормативтерді және сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, микроқаржы қызметінің тиісті түріне қатысты оларды есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
  • микрокредит алу үшін қажетті құжаттар тізбесін, сондай-ақ микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік досьені жүргізу тәртібін айқындайды;
  • Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен келісім бойынша ломбардта заттарды сақтау, ломбард үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды белгілеу, ломбардтарда заңсыз өндірілген заттардың айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қоса алғанда, ломбардтардың қызметін ұйымдастыру тәртібін бекітеді;
  • Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша микроқаржы қызметін лицензиялау қағидаларын бекітеді;
  • салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеуді жүзеге асыру және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • микроқаржы ұйымының қызметін тексеруді жүзеге асырады;
  • микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
  • мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы сотқа талап арыз береді:
  • микроқаржы ұйымдары заңның 16-бабының 9-тармағында көзделген талапты орындамаған жағдайда;
  • микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар ретінде тіркелген, Заңның 14-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім ішінде микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін өтініш жасамаған, сондай-ақ Заңның 15-бабы 2-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген талаптарды орындамаған заңды тұлғаларға қолданылмайды;
  • 2021 жылға дейін микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар ретінде тіркелген, Заңның 31-бабының 2-1-тармағында белгіленген мерзім ішінде микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін өтініш бермеген заңды тұлғалар;
  • қарыз беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардан (кредиттік серіктестіктер, ломбардтар ретінде тіркелген тұлғаларды, сондай-ақ микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензия алған микроқаржы ұйымдарын қоспағанда), Заңға сәйкес микроқаржы ұйымы ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өтпеген;
  • Заңның 31-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуден өтпеген микрокредиттік ұйымдар;
  • Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Сұрақ және жауап

  • БАСҚАРУ ҚҰҚЫҒЫМЕН
  • БАСҚАРУ ҚҰҚЫҒЫНСЫЗ
  • БИЗНЕСКЕ АРНАЛҒАН МИКРОНЕСИЕЛЕР
  • Автонесиелеу
  • ҚАЙТА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
  • Қарыз алушы Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек.
  • Қарыз алушы кәмелеттік жасқа толуы керек.
  • Көлік Алматы облысы, Алматы қаласында, Нұрсұлтан қаласында 2000 жылдан бері тіркелген.
  • Құжаттар 30 минут ішінде
  • Шағын несие алуға қызығушылық төмен.
  • Жоғары баға.
  • Жасырын төлемдер жоқ.
  • Несие төлеудің ыңғайлы әдістері.