CreditLine – бұл қарыз беру бойынша алғашқы онлайн-сервис, онда бұрынғыдай көлік құралы өз иесінің меншігінде және пайдалануында қалады.
Біздің негізгі ерекшелігіміз – бұл онлайн-сервистің ыңғайлылығы және толық ашықтық. Біз кез келген несие тарихымен 30 минут ішінде автокөлікті кепілге қойып қарыз береміз. Төлемдерді дәл есептеуді сіз тікелей сайтта жасай аласыз. Бұл ретте біз сіздің таңдауыңызға есептеудің кез келген әдісін ұсынамыз: аннуитеттік (банктегі сияқты – тең бөліктермен) немесе пайыздық.
Біз сіздің уақытыңызды бағалаймыз, сондықтан біздің кеңсемізге келудің қажеті жоқ бірегей онлайн-мақұлдау қызметін құрдық, ал Сіз өзіңіздің автокөлігіңізге микронесиенің нақты сомасын біліп, онлайн мақұлдауды ала аласыз. Сондай-ақ тек бізде микронесиенің мерзімін ұзартуға болады, жабуға, ішінара өтеуге немесе керісінше үйден шықпай-ақ қосымша қарыз алуға болады. Бұл ретте біз мүлдем адал және ашықпыз: микронесие бойынша барлық тарихты, сондай-ақ барлық шарттарды, сіз кез келген уақытта өз телефоныңызда көре аласыз.
Компания 2010 жылдан бастап жұмыс істейді және осы уақыт ішінде автокөлік кепілдігімен микронесие беруде мол тәжірибе жинақтады, клиенттердің қажеттіліктері үшін өз бағдарламаларын барынша оңтайландырды және несиені ресімдеу шарттары мен уақытын ең төменгі деңгейге дейін қысқартты.
Біздің қызметкерлер - бұл өз ісін білетін және өз жұмысын сапалы және қысқа мерзімде орындайтын кәсіпқойлар!
1. Директор
2. Директордың орынбасары
3. Қаржы департаменті-бухгалтер, кассирлер
4. Заң департаменті-аға заң кеңесшісі, заңгерлер
5. Маркетинг департаменті-маркетологтар
6. Менеджмент департаменті-аға менеджер, менеджерлер
7. Қызметкерлер-жүргізушілер, техниктер.
Компанияның миссиясы - Клиенттерге қаржылық қиындықтарды тез және барынша ыңғайлы шешуге көмектесу. Біз өз Компаниямыздың құндылығы сервис пен ыңғайлылықтың жаңа деңгейі деп санаймыз.
CreditLine компаниясы сіздің қарызыңызды жылдам ресімдеуге, жеке тәсілге, мәміленің құпиялылығына және ашықтығына кепілдік береді.
Біз адал, ашық және заңды жұмыс істейміз. Біз мұны ресми құжаттармен растауға дайынбыз.
«Ломбард «CreditLine» ЖШС компаниясы өз қызметін Қазақстан Республикасы Қаржы нарықтарын реттеу және дамыту агенттігі Алматы қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасымен – «Ломбард CreditLine»жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берген шағын қаржы қызметін жүзеге асыруға берілген лицензия негізінде ресми түрде жүзеге асырады, берілген күні: 01.04.2021 ж., лицензия нөмірі: 02.21.0074.L.
Алматы қаласы Әділет департаментінің 2010 жылғы 15 шілдедегі тіркеу нөмірі 104852-1910-ТООмемлекеттік тіркеу туралы куәлігі.
«Ломбард «CreditLine» ЖШС пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.